"Біздер үшін ұшақ жасау саласы бойынша ынтымақтастық жасау мәселесі аса өзекті болып отыр. Украина осы сала бойынша белсенді қарым-қатынастарға көшуге дайын екенін растайды ", - деді В. Ющенко.
Ол бүгін хабарлағанындай Украина жағы бүгін "АН-148 жеті ұшағын жеткізу жөнінде келісім шартын растады".
"Қазір біз осы келісім шартты осы жылдың үшінші тоқсанынан бастап мүмкіндігінше тез арада жүзеге асыру үшін барлық жағдайды жасап отырмыз", -деп жалғастырды ойын Украина президенті. "Қазақстан бұл машиналарды бағалағаннан кейін біздің қарым-қатынастарымыз одан әрі қарқындана түсетініне мен сенімдімін ", - деп есептейді В. Ющенко.
Сонымен қатар ол атап өткеніндей, "Украина елдер арасында әуе қатынастарын үдету мәселесін талқылауға дайын және ашық". "Бүгінде екі негізгі әуе компаниясы Киев- Астана- Алматы арасында рейстерді көбейту мәселесін қарастырып жатыр. Мұнда шешілмеген мәселелер әлі бар", -деп қорытындылады В. Ющенко.