"Біз Қазақстан үкіметіне осында тұратын украин қауымына жасалған жағдайлар мен оларға берілген мәртебе үішн ризашылық білдіреміз", - деді В. Ющенко. Ол "украин қауымы деп отырғаны - Қазақстанның заңдарын құрметтейтін, Қазақстанның саясатын мақұлдап, құрмет тұтатын Қазақстан азаматтары екенін, айта келе, "біз олардың ана тілін оқып-үйренуге, мәдениетін зерттеуге деген сұраныстары толық жүзеге асырылғанын қалаймыз",- деді.
"Бұл мәселеде көп нәрсе тындырылған, біз біршама ілгерілеушілікті байқаймыз", - деді президент.