Украина Ресейге қатысты санкция қабылдамақ


Премьер-министр Арсений Яценюк мұндай шаралардың елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда қолданылатынын айтты. «Енді мемлекет басшысының ЕуроОдақ елдері, АҚШ және Үлкен жетілік елдері сияқты белгілі бір санкцияларды енгізуге хақылы болады» деді ол. Қабылданған заңға сәйкес, Ресейдегі және өзге де елдердегі 172 жеке, 65 заңды тұлғаға шектеу қойылуы мүмкін. Ал Украинадағы жалпы жағдайға келсек, Донецк өңірінде әлі де ұрыс жүріп жатыр. Қаза тапқан адамдар жөніндегі мәлімет әрқилы.