Украина Ресеймен қарым-қатынастарды қалпына келтіру туралы келіссөздер жүргізгісі келеді

Бұл туралы Укарина премьері Арсений Яценюк мәлім етті.

«Біз Ресеймен өзара қарым-қатынас жөнінде келіссөздер жүргізгіміз келеді және Сыртқы істер министрлері мүмкіндігінше тез арада кездесуі тиіс деп ойлаймыз», - деді А.Яценюк сәрсенбі күні Киевте өткен инвестициялық конференцияда.

А.Яценюктың айтуынша, Украина Қырымның Ресейге қосылуын ешқашан мойындамайды. Дегенмен, «қос мемлекет арасында екі жақты сауда-саттық пен экономикаға қатысты талқылануы тиіс тақырыптар баршылық» дейді ол.

Сонымен қатар, РФ Украинаның тәуелсіздігін және Еуроодаққа енуге талпынып жатқанын мойындауы тиіс деді А.Яценюк.