А.Зинченконың айтуынша, "үкіметтік топ сауда-саттыққа қойылған шектеулерді алып тастауға, тарифтерді біріздендіруге, тауар, капитал, жұмыс күші мен интеллектуалдық байлықтың жолында тұрған көптеген кедергілерді жеңуге мүмкіндік беретін мәселелерді қарастырып жатыр". Сонымен бірге Біртұтас экономикалық кеңістік аясында мемлекеттен мәртебесі жағынан биік тұратын қосымша мекемелер құру мәселесін А.Зинченко "басқаша жазықтықта қаралатын мәселе" деп атады.
"Біртұтас экономикалық кеңістік құруға қатысты өз ұстанымымызды біз жуырда ресми түрде жоғарғы деңгейде мәлімдейтін боламыз",- деді Украина мемлекеттік хатшысы.