"Уран байыту жөніндегі халықаралық орталық шешілген кәсіпорын ғана болып табылмайды, бүгінде басқа елдерді, ең алдымен ТМД мүше елдерді аталмыш келісімге қосу туралы сөз қозғалуда",- деді Андрей Малышев.
"Атап айтқанда, бүгінде ниет танытқан (жобаға қосылуға - агенттік ескерт.) Украинамен және Армениямен өзара ықпалдастықтың жайы дәйектелуде",- деп қосты Ресей Федерациясының атом энергиясы жөніндегі Федералдық агенттігі бастығының орынбасары. Ол, "аталмыш елдер сәйкес құжаттарды қарау үшін және олардың аталмыш ресей-қазақстан келісіміне қосылуына мүмкіндік туған жағдайда қол қою үшін ұсынғандығын" нақтылап өтті.
"Сондықтан да біз осы жоба аясындағы біздің ынтымақтастығымыз ойдағыдай дамып келе жатыр деп санаймыз, ол қағаз жүзіндегі келісім ғана емес, оған басқа елдер де оған қосыла алады және оған дайын",- деп санайды ресейлік ғалым.