Қаулыға сәйкес, Виктор Янукович басқаратын үкімет отставкаға кетуге тиіс.
Парламенттің жабық сессиясында бастапқыда қаулының Виктор Ющенконы жақтаушылар әзірлеген жобасы талқыланды. Бұл үлгі 4 дауыс жетпей қабылданбай қалды.
Ал парламентте қабылданған қаулы жобасын келісім комиссиясы жасаған. Қаулыға сәйкес, коалициялық үкіметті президент Леонид Кучма мен Жоғарғы Раданың спикері Владимир Литвин республикадағы барлық депутаттық фракциялар мен топтармен ақылдасу негізінде құрады деп күтілуде.