Украинада 2020 жылға қарай Үлкен энциклопедияны басып шығарады

«Адамзат өркениетінің дамуы туралы ғылыми білімдерді, сондай-ақ әлемдік тарих пен мәдениетке Украинаның қосқан үлесін сақтау, жүйелеу және тарату мақсатында Украина Ұлттық ғылым академиясының 2013-2020 жылдар ішінде Үлкен украин энциклопедиясын әзірлеу және бастыруға қатысты ұсынысын қолдауға қаулы етемін», делінген құжатта.

Жарлыққа сәйкес Министрлер Кабинеті екі айдың ішінде әзірлік шаралары жоспарын жасап, Үлкен украин энциклопедиясын қаржыландыруды қамтамасыз етуі тиіс. Энциклопедияны әзірлеу мен бастыруға ғылыми және әдістемелік басшылық етуді Ұлттық ғылым академиясының құрамында құрылатын оның бас редакциялық алқасы жүзеге асыратын болады.