Украинада 24 мың шенеунік жұмыстан босатылады


"249 мың адамнан шамамен 24 мың шенеунікті жұмыстан босатамыз", деді премьер бейсенбіде парламентте сөйлеген кезінде.

А.Яценюк атап өткендей, бұл шаралар бір жағынан мемлекеттік билік органдарының шығындарын азайтуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан Украинада Конституциялық реформа жүргізуге ықпал етпек.