Украинада Абайдың ерекше ескерткіші ашылды

Мүсін авторы – Украинаның халық суретшісі Сейфутдин Гурбанов. Ол өз туындысын «Өмір дарағы» деп атапты. Ескерткіштің биіктігі 4 метр.

Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Қазақстан елшісі Дархан Қалетаев Харьков қаласының басшылығына алғысын айтып, бұл ескерткіш екі елдің арасындағы рухани және мәдени байланысты одан әрі байыта түсетінін жеткізді.


Айта кетейік, «Ойшылдар аллеясының» жалпы аумағы 2 543 шаршы метр. Ол қаланың ең көрікті жерлерінің бірінде орналасқан.