Украинада апатқа ұшыраған малайзиялық ұшақ жақында ғана техникалық тексеруден өткен

және одан ешқандай ақау табылған жоқ. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Malaysia Airlines компаниясының қысқаша мәлімдемесіне сүйенсек, 2014 жылдың 11-шілдесінде техникалық байқаудан өткен лайнердің «ақауы жоқ» деп танылған.

Жоспар бойынша 17 жыл бойы пайдаланылып келе жатқан ұшақ келесі тексеруден 27 тамызда өтуі тиіс болатын.

Бұған дейін хабарланғандай лайнер бортында 298 жолаушы мен экипаж мүшесі болған.


Әуе компаниясының хабарлауынша, қаза болғандардың арасында Нидерланд корольдігінің 154, Малайзияның 43, Австралияның 27, Индонезияның 12, Ұлыбританияның 9, Германияның 4, Бельгияның 4, Филиппиннің 3 және Канаданың 1 азаматы бар. 41 жолаушының ұлты әлі анықталған жоқ.