Украинада бүлікшілер ұшақ апатының тергеуіне кедергі келтіруде


Ал елдегі қаралы оқиғаға қарамастан Донецкде Украина әскері мен ресейшіл бүлікшілердің шайқасы жалғасуда. Бүгін жаңа күшпен басталған қарулы қақтығыстың салдарынан кемі ондаған  бейбіт адам қаза тапқан. “Град” және “Ураган” зеңбіректі қондырғыларынан атылған ауыр жарылғыш заттар қаладағы көпқабатты үйлерге де тиген деген ақпарат бар. Жарақат алғандар мен марқұмдардың денесін алып кетуге келген жедел жәрдем көліктері қазір қалаға кіре алмай қаңтарылып тұр. Ауыр әскери техникалардың күшімен жүргізіліп жатқан атыс-шабысты тоқтатуға әзірге қос тарап та мүдделі емес.