Украинада Донбасқа барудан бас тартқан тәртіп сақшылары жұмыстан қуылып жатыр


Харьков милициясы қызметкерлерінің жұмыстан жаппай босатылуы кезекті тазартуға емес, олардың шешіміне байланысты екенін жергілікті басшылар да растап отыр. Тәртіп сақшыларының барлығы Донбасстағы жағдайды тұрақтандыруға қатысудан бас тартыпты. Сондықтан антынан айнып, бұйрықты орындамаған қызметкерлерге орын жоқ дейді Ішкі істер министрлігінің басшылары.