Қайғылы оқиға Донецк облысындағы Засядько шахтасында болды. Жарылыс болған сәтте кен орнында 230-ға жуық жұмысшы жүріпті. Әзірге апатқа метан газының тарауы себеп деген болжам айтылуда. Нақты жағдайды арнайы құрылған комиссия анықтайды. Кен орнында заңсыз жұмыс жүргізіліпті деген де болжам бар. Засядько шахтасы – бұрынғы Кеңес елдері аумағындағы ең ескі кең орындарының бірі. Әрі шахта орналасқан аумақ сепаратистердің бақылауында. Бұл бірінші кезекте құтқарушылардың жұмысына қолбайлау болып тұр.
Loading...