Украинада Рада депутатының кабинетіне оқ атылды


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Давиденконың өлімі туралы ақпаратты өзінің Telegram каналында Рада экс-депутаты Игорь Мосийчук те растады.

Печер ауданының Үлкен Васильковская 4 көшесіндегі үйден тазалықшы әйел Давиденконың зорлық-зомбылықпен өлтірілген денесін тапты. Содан кейін тәртіп сақшылары сол ғимараттан атыс қаруын тауып алған.
 
Валерий Давыденко  Украина парламентіне Чернигов облысындағы 208-округтен сайланған.  Ол өзін-өзі ұсынған және "Сенім" депутаттық тобының мүшесі болған.