Ұшақ бортында 160 жолаушы және 10 экипаж мүшесі болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
"Сейсенбі күні, 15 сағат 39 минутта Анапа-Санкт-Петербург бағыты бойынша 612- рейспен ұшып бара жатқан Пулков әуе жолдарының Ту- 154 ұшағы SOS дабылынан кейін радардың назарынан жоғалған. Алғашқы ақпаратқа қарағанда, ұшақ Донецк қаласынан солтүстікке қарай 45 шақырым жерде апатқа ұшыраған",-деп хабарлайды Ресей ТЖМ .
Қазіргі кезде әуе апаты орын алған жерде құтқару шаралары жүзеге асырылуда. Донецк түбіндегі Сухая балка ауылында отыз адамның мәйіті табылған.