Украинада сепаратистер жаппай тұтқындалып жатыр


Ал елдің осы шығыс аймақтарында ресейшіл топтар мен билік жақтастары қақтығысып жатыр.  Қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ. Дегенмен жараланғандар ондап саналады. 70 сепаратист қамауға алынды. Қазір аймақта Ішкі істер министрлігінің арнайы жасақтары лаңкестікке қарсы операция өткізіп жатыр. Киевтің осындай қадамға баруына жергілікті милицияның бүлікшілер жағына шығуы себеп болған. Орталықтың бұйрығын елемеген милицияның барлық басшылары енді жұмыстан шеттетілмек. Ал Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов шығыста болып жатқан бүлікті Ресейдің екінші құйтырқы әрекеті деп атады. АҚШ-та бұған Кремльдің қатысы барына сенімді. Сондықтан Ресей билігін Украинаның ішкі ісіне қол сұқпауға шақырды.