Шахта Донецкде орналасқандықтан қазір сепаратистердің бақылауында тұр. Ел президенті Петр Порошенко ол жерге Украина құтқарушылары мен құқық қорғау орындарының өкілдерін өткізуді талап еткен. Алайда, бүлікшілер бұл талапты орындаудан бас тартты. Жалпы, жарылыс кезінде жер астында 230 шахтер болған. Сондықтан қазір көптеген жұмысшылардың жағдайы белгісіз. Ал ел билігі қаза тапқан адамдар санының әлі де артуы мүмкін екенін айтуда.
Loading...