Бұл туралы 13 сәуірде Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев хабарлады.
Жыл басынан бері елге 130 мыңға жуық ресейліктер келсе, 120 мыңы кетіп қалды.
"Бұл жыл сайын бізде жиі болатын процестер. Иә, статистика көрсеткендей, өткен жылмен салыстырғанда ресейліктер біздің елге кіріп, кетіп қалуы биыл көбейді. Алайда, бұл сандар қандай да бір тенденцияны көрсетпейді, өйткені шекаралар жабылған кезде пандемия болды және бізде қозғалыс шектеулі болды. Егер алдыңғы, мысалы, 2018-2019 жылдарға дейінгі пандемияға дейінгі жылдарды алатын болсақ, онда сол ресейліктер біздің елге әлдеқайда көп келетін", – деді Қожаев.