Украинадағы қантөгіс тоқтар емес


Украина астанасындағы мектеп, дүкендер мен метро жұмысын тоқтатқан. Қалаға кірер жолдардың да барлығы кешелі бері жабық. Бірақ ереуілшілер қатары бұдан азайып жатқан жоқ. Елдің өзге аймақтарынан Киевке ағылып келіп жатқандар мыңдап саналады. Қазір оппозиция жақтастары Майдандағы баррикадаларын қайта бекітіп жатыр. Ал тығырыққа тірелген президент Виктор Янукович бүгін Польша, Германия және Францияның сыртқы істер министрлерімен шұғыл жиын өткізуде. Биліктің өзі оппозициямен келіссөз жүргізіп, конституцияға өзгерістер енгізуге дайын екендігін жеткізді.