Украинадан келген профессор Павлодарда авторлық концертін берді

деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.

Концерттер Вячеслав Исаевичтің негізгі жұмысы емес, ол ПМУ-ға лингвистика, университеттегі академиялық мобильділік бағдарлама бойынша дәрістер оқуға келді. В.Теркулов - танымал ғалым, филология ғылымдарының докторы, Ресей мен Украинада шәкірттері мол профессор. Ол «Орыс тілін таратудағы сіңірген еңбегі үшін» медалінің иегері, Украинаның орыс тілі және әдебиеті оқытушылары қауымдастығының мүшесі. Украинаның лингвистикалық картасы мен Ресей Федерациясының украиналық сөйлеу дыбыстары картасын құрумен айналысуда.

Профессор-бард поэзиялық жинақтар шығарады және туған Донецк қаласында жеке концерттерін береді.

ПМУ-де Вячеслав Теркулов өзінің үздік шығармаларын орындап, студенттермен әңгімелесті.