Украина-ЕО келісіміне қашан қол қойылады?

"Украина-ЕО қауымдастығы туралы келісімге Еуропалық Кеңестің отырысында ЕО пен Грузия және Молдовамен арадағы қауымдастық туралы келісімдермен бірге 27-маусымнан кешіктірілмей қол қойылады", делінген сәрсенбіде кешке Facebook парақшасында берілген ЕО өкілдігінің мәлімдемесінде.

Бұрыннан белгілі, ЕО және Украина қауымдастық туралы келісімге ЕО саммиті аясында Брюсселде 27-маусымда қол қоймақ.

Алдында бірқатар БАҚ ЕО техникалық себептерге орай Украинамен арадағы келісімнің экономикалық бөлігіне қол қоюды кейінге қалдыруды сұрап отыр, деп жазған болатын.