деп хабарлады украиналық президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Валерий Чалый.
Бұл туралы В.Чалый жұмаға қараған түні "1+1"телеканалының эфирі арқылы айтты.
“Біз ешкімге де минскілік келісімдерден бас тартуға мүмкіндік бермейміз, бұл тың ұсыныстар сол келісімдерді одан әрі дамытуды көздеп отыр”, деді ол.
Дегенмен,немістің Suеddeutsche Zeitung айтуынша, Меркель-Олландтың жаңа жоспарына орай Украинаның шығысында ДХР/ЛХР қыркүйектен соң басып алған аймақтарды ескере отырып, оларға Минскілік келісімде көзделгеннен гөрі көбірек аумақ беру көзделген.
Федералды канцлер ведомствосы РФ президенті Владимир Путинмен арадағы келіссөздерде минскілік 12 тармақ негізге саналады, деп мәлімдемесе де, Suеddeutsche Zeitung бұл жағынан тұрақты келісімге келу аса қиын, деп санайды.
"Сол себепті дипломаттар "Минск-плюс" келісімі бойынша келіссөздер жүргізуде, Германия және Франция басшылары Киевке кетті, мақсаттары, Петр Порошенконы осы жоспарға көндіру. "Бұл Украинаны әскери жеңіліс пен экономикалық тығырықтан аман алып қалудың соңғы мүмкіндігі екендігіне оның көзін жеткізу керек”, деп жазады неміс басылымы.