Бұл пікірді Украинаның белгілі журналисі Дмитрий Гордон өзінің "В гостях у Гордона" атты YouTube-каналының тікелей эфирінде хабарлады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап.
«Қазақстан мен Ресей арасында соғыс бола ма? — деп сұрады көрермендердің бірі Гордоннан.
"Ресей Қазақстанмен соғысуға аса қуанышты болмай, ол жерге бірден басып кіріп, оны бодан етер еді. Енді оның шамасы жоқ. Екі соғыс жүргізуге күші жетпейді. Біз оларды әбден қалжыраттық", - деді Гордон.
Журналист Путин Кеңес Одағын қайта құрғысы келетінін айтты.
"Путин кем дегенде Украина, Ресей, Беларусь және Қазақстанды біріктіргісі келеді. Орайы келіп жатса Тәжікстанды да, Өзбекстанды да және т.б. қосып алуға асық. Балтық елдері өз жөнімен кетті. Бірақ Грузия, Армения, Әзербайжан да оның ойында бар. Осы елдің бәрі де ол үшін Кеңес одағы», - деді Гордан.
Сонымен қатар Дмитрий Гордон бүкіл посткеңестік елдер Украинаға алғыс айтуы керектігін баса айтты.
«Бұрынғы кеңес одағы халықтарының бәрі Украинаға үлкен алғыс айтуы керек. Егер біз болмасақ, олар сіздерге барар еді», - дейді журналист.