бір тәулік соғысқа қатысқаны үшін 1 мың гривен төленеді. Украина Министрлер кабинеті осындай қаулы қабылдады, деп хабарлайды елің Қорғаныс министрлігі.
Қаулы бойынша «соғысқа тікелей қатысқан жауынгер шайқастың әр тәулігі үшін 1 мың гривен ақы алады».
Үкімет қаулысында жаудың әскери техникасын ойған жауынгерлерге төленетін сыйақы мөлшері де көрсетілген.
«Атап айтсақ, қарсыластың автокөлігін жойғаны үшін 10 төменгі айлық көлемінде (12 мың гр); танк жойғаны үшін – 40 төменгі айлық көлемінде (48 мың гр), дүркін-дүркін оқ ататын реактивті жүйені жойғаны үшін – 50 төменгі айлық көлемінде (60 мың гр), әскери ұшақты жойғаны үшін – 100 айлық көлемінде (121 мың гр) сыйақы төленеді», - делінген хабарламада.