Украиналық дағдарысты реттеуде ілгерлеушілік бар - Франция президенті


Бұл туралы Франция президенті Франсуа Олланд ФГР канцлері Ангела Меркельмен сөйлескен кезде айтты.
"Ф.Олланд А.Меркельмен Украинадағы дағдарысты реттеуде ілгерлеушіліктің бар екендігін атап өтті”, делінген Елисей сарайының коммюникесінде.
Сонымен қатар коммюникеде Ф.Олландтың Украина президенті Петр Порошенкомен кездескендігі айтылған.
Алдында Франция президенті Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен болатын.