Украиналық кәсіпкерлер ТұранӘлемБанкімен ынтымақтастыққа әзір

"Алдағы уақытта Киевтегі өкілдік орта кәсіпкерлікпен шұғылданатын жергілікті компаниялардың басшыларымен дербес кездесулер өткізуді көздеп отыр",- дейді баспасөз қызметі. Украиналық банктер өз клиенттеріне сауда-саттықты қаржыландыру өнімдерін мүлдем ұсынбайтын көрінеді. ТұранӘлемБанкі осы саладағы сұраныс туралы жергілікті кәсіпкерлермен бірлесе талқыламақшы.