Украинаның бұрынғы лауазымды қызметкерлеріне Қырымды (Ресейге) беру операциясын ұйымдастырды деген айып тағылды

Бұл туралы Бас прокурордың бірінші орынбасары Николай Голомша мәлім етті.

«Бұл оқиғалардың артында Қырымды аннексиялауды ұйымдастырғандар тұр», - деді Н.Голомша сейсенбідегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, «жарты аралдағы оқиғалар украиндық лауазымды тұлғалардың қатысуымен ұйымдастырылған» көрінеді.