Украинаның шығысы ақыры тәуелсіздігін жариялауға кірісті

Референдумға 3 млн.-ға жуық адам қатысады деп, ресейшіл жергілікті басылымдар жарыса жазуда. Ал бюллетенде «Мемлекеттік егемендік актісін қолдайсыз ба?» деген сауалға «иә», «жоқ» деп жауап беруі міндеттеліпті. Яғни, сайлаушы Луганск және Донецк халық републикасының дербес атануын қолдайтынын, не қолдамайтынын көрсетуі тиіс. Сайлау қорытындысы енді 3 күннен соң мәлім болмақ. Украина билігі референдумды ресми жоққа шығарып отыр. Ал Мариуопельде әлі де қақтығыстар тоқтар емес. Бүгінгі атыс-шабыс кезінде сепаратистер қалалық прокуратура мен әскери бөлімшені өртеп жіберген. Жалпы 3 күннен бері үздіксіз жүрген қақтығыста 9 адам өліп, 45-і жараланыпты. Марқұмдардың арасында әскерилер де бар.