Украинаның шығысындағы жағдайды реттеу жөніндегі дипломатиялық келісімдер күштік операциялардан бас тарту емес - Чалый

   Бұл туралы Украина президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Валерий Чалый мәлім етті.

«Антитеррорлық операция – біздің елімізді қорғау құқығымызға қатысты мәселе. Егер терроршылар тарапынан шабуыл жасалатын болса біздің армия халықты қорғауы тиіс», - деді В.Чалый Киевте өткен брифингте.

Оның айтуынша, дипломатиялық іс-қимылдар болашақта екі жақты шабуылды тоқтатуға көмектеседі.


«Оған көп күш жұмсау қажет. Өкінішке орай, ол бір күнде бітетін шаруа емес», - деп қосты В.Чалый.