Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленский ант берді

Владимир Зеленский Украина президенті қызметіне кірісті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz

Жергілікті уақыт бойынша 14:12-де Владимир Зеленский ресми түрде Украина президенті болды. Ол жоғарғы раданың таратылатыны туралы мәлімдеді. 13:50-де инагурация ақталды.

"Мен Украина Конституциясы мен Украина заңдарын ұстануға, өз міндеттерін отандастардың мүдделеріне сәйкес орындауға міндеттенемін", - деді Зеленский.

Loading...

Loading...


30 сәуірде Зеленский ресми түрде президент сайлауында жеңіске жетті. Екінші айналымда ол үшін дауыс берушілердің 73,22 пайызы қолдаған, ал Петр Порошенкоға - 24,45 пайыз. Зеленский бес жылға сайланды.