Бейсенбідегі «ткелей желі» барысында В.Путин: «қарулы күштерді, танктер мен авиацияны қолдану арқылы емес, тек демократиялық процедуралардың көмегімен ғана елде тәртіп орнатуға болады», - деді.
Ол тараптардың алдымен келіссөздерге кірісуі қажеттігін ерекше атап өтті.
Киев билігі Украинаның шығыс облыстарына жиі барып тұрады. Бірақ, олар қарсыластарымен емес, өздері тағайындаған өкілдермен кездеседі, деді В.Путин.
«Ол үшін Донбассқа барудың қажеті жоқ. Оларды Киевке шақырып, кеңес өткізсе жетіп жатыр», - деді ол.