"Укртатнафта" ЖАҚ 2003-жылы жекешелендіріледі

Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Укртатнафта" ЖАҚ-ның баспасөз қызметінің Украина президенті әкімшілігінің ақпараттық саясат жөніндегі бас басқармасына сілтеме жасай отырып таратқан хабарламасынан мәлім болды.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, "Укртатнафта" ЖАҚ -ның 43,054%-тік акцияларын сатып алуға кәсіпорынның 56 процент акцияларын иемденетін Ресейлік "Татнефть" , "Укрсиббанк" және "Приватбанк" коммерциялық банктері , Ресейлік ТНК компаниясы мен Қазақстандық "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ ниет білдіріп отыр.
"Трансұлттық қаржылық-өнеркәсіптік "Укртатнафта" мұнай компаниясы" ЖАҚ Украина және Татарстан президенттерінің жарлықтары негізінде Кременчуг мұнай өңдеу зауытының базасында 1995-жылы құрылған. "Укртатнафта" ЖАҚ-ның жарғылық қоры 740,5 мың гривенді құрайды.
"Укртатнафта" ЖАҚ-ның жарғылық қорының 43,054 проценті Украина мемлекеттік мүлік қорының, 56 проценті Татарстан жағының иелігінде.