Ұл бала сыныптас қызды тура сынып бөлмесінде тепкілеп тастады

Әлеуметтік желіде 9-сыныпта оқитын ер баланың сыныптас қызды аяусыз тепкілегені елдің жағасын ұстатты. Сұмдық видеоны желіге жүктеген автор оқиғаның Үркіт (Иркутск) қаласындағы 47-лицейде болғанын жазады, деп хабарлады Caravan.kz. Бұл іспен қазір жергілікті құқық қорғау орындары айналысып жатыр.

"Заман қайда бара жатыр?", -деген көпшілік болашақ ұрпақтың азып-тозып бара жатқанына өкініш білдіруде.