Ұл балаға ең жиі қойылатын ерекше есімдер

Балаға есім қою – бұл ұлттық мәдениет пен дәстүрлердің көрінісі, сондай-ақ, жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін маңызды қадам.

Қазақ халқының есім қою дәстүрі терең философия мен сенімдерге негізделген, ол баланың болашағына деген үміт пен тілектерді білдіреді. Есімнің рухани мағынасы, оның ұлттық мәдениетке сәйкес болуы, ырым-тыйымдар мен психологиялық әсерлері – осының бәрі балаға есім қоюдың мәдени және әлеуметтік маңызын арттырады. Есім – бұл тек сөз ғана емес, ол адамның өміріндегі маңызды белгі, оның болмысын, өзіндік ерекшелігін көрсететін айқындаушы фактор болып табылады.

Балаға есім қою – халқымыздың ең көне әрі мәні терең дәстүрлерінің бірі. Оның мәні мен мағынасы бірнеше қырынан қарастырылады:

  1. Рухани және мәдени маңызы
    • Есім – адамның өмір бойғы серігі, рухани төлқұжаты.
    • Қазақта «Ат қою – абыройлы іс» деп есептелген, себебі есім адамның тағдырына, болмысына әсер етеді деген сенім бар.
  1. Ұрпақ сабақтастығы
  • Баланың аты арқылы ата-бабасының есімі сақталып, ұрпақ жалғастығы жалғасады.
  • Ат қоюда ата-әжелердің, арғы тектердің атын беру дәстүрі бар.
  1. Ырым-тыйымдық мәні
  • Кейбір есімдер баланы бәле-жаладан қорғау, ұзақ өмір сүруі үшін қойылған (мысалы, Жаманбай, Тұрсын, Тілеміс).
  • Бұл – халықтың дүниетанымы мен сенімінен туған ерекшелік.
  1. Арман мен үміттің белгісі
  • Ата-ана баласына жарқын болашақ, мықты қасиет тілеп есім береді (мысалы, Батырхан – батыр болсын, Ақниет – ниеті ақ болсын).
  • Әдемі, әуезді есімдер баланың бойына жақсы қасиеттер дарысын деген тілекпен таңдалады.
  1. Қоғамдық және әлеуметтік қыры

Есім арқылы адам белгілі бір дәуірдің тарихы мен мәдениетінен хабар береді.

  • Мәселен, белгілі тұлғалардың, заманына сай оқиғалардың ықпалымен қойылған есімдер жиі кездеседі.

Қорытындылай айтқанда, балаға есім қою – тек атау беру емес, ол – ата-ананың балаға деген ықыласы, арман-мақсаты мен ұлттық дүниетанымының көрінісі.

Соңғы жылдары жиі кездесетін және кең таралған есімдерге  мыналарды жатқызуға болады:

 

Дәстүрлі есімдер

 

  • Нұрсұлтан
  • Қайрат
  • Бекзат
  • Талғат
  • Дәурен
  • Ержан
  • Берік
  • Бауыржан
  • Айберен
  • Айбарлы
  • Асылер
  • Ертөре
  • Жантөре
  • Алтынтөре

Діни және мағыналы есімдер

 

  • Мұхаммед
  • Ахмадия
  • Әли
  • Омар
  • Айдос
  • Аят
  • Ернұр
  • Нұрислам
  • Имран
  • Абдулхамид
  • Ахмад
  • Ғаббас
  • Азаматгерей
  • Абат
  • Әбдісалам
  • Әбумүслім
  • Ағзам

Заманауи әрі жиі кездесетін есімдер

 

  • Әлинұр
  • Нұрислам
  • Арсен
  • Аян
  • Дамир
  • Тимур
  • Санжар
  • Әмір
  • Данияр
  • Әміре
  • Әлжан
  • Үсен
  • Едіге
  • Ержомарт
  • Есбатыр
  • Саян
  • Саят
  • Ғазиз
  • Ғани

Соңғы жылдары трендке айналған есімдер

 

  • Раян
  • Айбар
  • Әлихан
  • Нұрәлі
  • Рамазан
  • Муслим
  • Аслан
  • Заңғар
  • Санжар
  • Таймас
  • Сартай
  • Зейін
  • Жахангер
  • Зәкір
  • Қасым
  • Мансұр
  • Мұзафар
  • Жаханша
  • Ескендір
  • Даниял

2025 жылы Қазақстанда ұл балаларға ең көп қойылған ТОП-10 есімдер мынадай:

 

  1. Айсұлтан
  2. Мұхаммед
  3. Омар
  4. Алихан
  5. Алдияр
  6. Рамазан
  7. Мухаммад
  8. Амир
  9. Алан
  10. Хамза
  11. Нығмет
  12. Сардар
  13. Сәдуақас
  14. Хақназар
  15. Омарәлі
  16. Шәміл
  17. Ықылас
  18. Ысмайыл
  19. Ілияс
  20. Тәңірберген

Сирек қойылатыне ерекше есімдер

Ахмедияр – «дәулетті» деген мәнге ие.

Асфандияр – парсы эпосындағы батыр атауы.

Әбунасыр – жолдас, жеңімпаз.

Батырлан – батыл болу, ержүрек

Баязит – айрықша, ерекше белгісі бар.

Ғарифолла – жәрдем беруші, қолғабыс етуші адам

Ғафур – кешірімді, мейрісді жан

Ғинаят – жомарт, рахымға бөлінген тұлға

Ескендір – батыр, жауды жеңуші адам,

Мағауия – араб тілінде «сау саламат» деген мағына береді

Махамбет – мақтауға лайық, сүйікті.

Мұзаффар – жеңімпаз сарбаз

Мұстафа – таңдау түскен адам

Мұстахим – тура жол, әділ жол нақаты бағыт алушы.

Нұрзерек – нұрлы, зерек бала.

Нұрпейіс – пейіштің сәулесі.

Нығмет – дәлкт, байлық.

Сағадат – парсы тілінде бақыт деген мағынада.

Сәдуақас – нағыз бақытты, ырысты адам.

Сейфолла – қылыштай өткір, ержүрек.

Хафиз – сақтаушы, қорғаушы, қорған болушы

https://youtu.be/_N1uKSquRwc