Үлбі металургиялық зауыты 2 млрд. теңгенің жаңа облигациясын шығармақ

Облигациялар түрі- купондық, қамтамасыз етусіз, шығарылым түрі құжаттық емес. Номиналды құны 1 мың теңгелік облигация 2 млрд данамен шықпақ. Шығарылымның жалпы құны 2 млрд теңге, қолданыс мерзімі айналымға түскен кезден бастап 4 жыл.

KASE мәліметтері бойынша, облигация айналымға Қазақстандық қор биржасының "А" дәрежесіндегі тізіміне енуден бастап түседі. Жылына екі мәрте сыйақы төлейтін болады.

Үлбі металлургия зауытының негізгі қызметі- уран, бериллий және тантал өнімдерін өндіру. Кәсіпорынның облигациялары Қазақстан қор биржасының "А" категориялы құнды қағаздарының ресми тізімінде сатылуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті