Үлескерлердің қаражатын қымқырған «Шейх Каз Инвест» ЖШС бұрынғы директоры Ч.Саидов ұсталды


«Шейх Каз Инвест» ЖШС бұрынғы директоры Чекмустафа Саидов ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметінен. 

Еске салсақ, ағымдағы жылғы 15 қазанда елордалық ішкі істер департаментінің Тергеу басқармасы «Хазрет» тұрғын үй кешені үлескерлерінің қаражатын иемденгені үшін күдікті ретінде «Шейх Каз Инвест» ЖШС директоры Ольга Шнайдерді ұстап, уақытша ұстау оқшаулағышына қамаған болатын. 
О.Шнайдердің әрекетінен 80-ге жуық үлескер зардап шекті. Жәбірленушілерден жиналған қаражат сомасы жарты миллиард теңгеден асқаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта сот алды тергеу жүргізілуде.
Астана қ. ІІД үлестік құрылысқа қатысу үшін құрылыс компанияларын таңдаған кезде барынша абай болуға шақырады.
Аталмыш тұлғалардан зардап шеккен тұлғалардан Бейбітшілік көшесінде орналасқан Астана қ. ІІД-іне хабарласуларын немесе 71-62-28, 71-60-10 телефондарына қоңырау шалуларын өтінеміз.