"Алматының көлікке лық толуы жалпы қашықтығы 65 км, құны - 74,5 млрд теңгені құрайтын Үлкен Алматы айналма көлік жолын салу қажеттігін тудырып отыр",- деп мәлім етті Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов. "Алматы облысының Қарасай, Іле және Талғар аудандарын басып өтетін бірінші санаттағы 6 жолақты айналма көлік жолы 2008-2010 жылдарға арналған концессия тетігі бойынша салынады",- деп хабарлады С. Ахметов.
Министрдің ақпараттарына сүйенсек, "жобада 14 көпір, 8 екі деңгейлі жол тораптары және темір жол арқылы өтетін 2 өткел салу қарастырылған".
Сонымен қатар, мекеме басшысы жуырда қабылданған "Ойын бизнесі туралы" заңмен және де қосымша қалаларды дамыту аясында Алматы - Қапшағай көлік жолының цементті бетон қабатына жаңарту жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлады.
С. Ахметовтың ақпараттарына сүйенсек, бірінші санатты жолдың қашықтығы - 79 шақырым , қозғалыс жолақтары - 4, ені - 17 метр, орташа қарқындылығы тәулігіне - 12 мың көлік, жаз маусымында тәулігіне 30 мың көлікке дейін, жобаланған құны - 50 млрд теңге, жүзеге асыру мерзімі - 2008 - 2010 жылдар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті