Үлкен Джордж Буш мойын омыртқасын сындырып алды


Қазір ол ауруханада, жағдайы тұрақты, деп хабарлады РИА Новости.

"АҚШ-тың қырық бірінші президенті Мэндегі өз үйінде құлап, мойын омыртқасын сындырды. Жағдайы тұрақты, мойын корсетімен оралады", - деп хабарлады оның өкілі Джим Макграт (Jim McGrath) Twitter-дегі  әлеуметтік парақшасында.