Үлкен теннистен ITF халықаралық жасөспірімдер турнирінің финалдық кездесулері өтуде

Ұлдар арасындағы финалдық кездесуде қазақстандық Антон Саранчуков пен түркиялық Дурукан Дурмус бәсекелес болса, қыздар арасында молдовалық Анна Батири мен грузиялық Тамара Чалаганидзе өз бақтарын сынайды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше жұптасып өнер көрсетудің ақтық сынында жерлестері Әсия Дайыр мен Екатерина Губановаға қарсы ойнаған қазақстандық Әсел Арғынбаева мен Камила Рафкат 2 сәтте де қарсыластарынан басым түскен болатын. Ал ұлдар арасындағы жұптық бәсекеде қазақстандық тараптың белгілі себептерге байланысты бас тартуынан түркиялық Мерт Динк пен Дурукан Дурмус жеңімпаз деп танылды.