Ұлтаралық араздықты қоздырды деген алматылыққа қатысты тергеу жүріп жатыр

Ер адам монологын видеоға түсіріп, әлеуметтік желілер арқылы таратқан.

Оның әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру") бойынша қарастырылып жатыр. Өндірісті қалалық ПД-нің Тергеу басқармасы жүзеге асырып жатыр. 

Сондай-ақ, сараптамалар тағайындалғаны айтылады.