Ұлтаралық келісім еліміздің модернизациялану жолындағы ілгерілеушіліктерін қамтамасыз етеді - президент

Он жылдықты қорытындылаған президент "Қазақстан осында тұратын бүкіл халықтар арасындағы қарым-қатынастң ең тиімді үлгісін жасай алды", деп мәлімдеді. "Қазақстан халықтарының ассамблеясы деп аталатын бірегей қоғамдық-саяси институт уақыттың сынағына төтеп бере алды",- деп мәлімдеді Н.Назарбаев.

"Өткен мерзімде Ассамблеяның ұйымдастырушылқ және құқықтық базасы кеңейді",- деді ол. "Ағымдағы жылдың 23-сәуірінде Қазақстан халықтарының ассамблеясын нығайту жөніндегі жарлықпен оның бұдан былай жұмыс жүргізуіне бекем құқықтық негіз қалыптасты".