Ұлттық банк алтын сатып алуда мемлекет құқығын іске асырады

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлім етті, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Төрағаның сөзінше, бұл шара халықаралық резервтерді толықтыруға және экономиканың сыртқы нарықтағы өзгерістерге ұшырамай дамуына бағытталған.

"Бұл аясатты ұстану табысты болып, резерв көлемін 45,8 млрд долларға дейін, оның ішінде алтын көлемін 23,8 млрд долларға дейін өсіруге мүмкіндік берді. Алайда, мұндай операциялар теңге эмиссиясы есебінен қаржыландырылады. Яғни экономикадағы ақша көлемін арттырып, оның тауарлық массадан асып түсуіне жол береді. Бұл, әрине, инфляцияға әсер етпей қоймайды. Осындай әсерлерін азайту үшін өткен жылы Ұлттық Банк алтын сатып алудың орнына монетарлық бейтараптылық саясатына көшу туралы пікірталас өткізді. Сол пікірталастың нәтижесінде және жүргізілген талдауды ескеріп, алтын сатып алуға байланысты операцияларды теңгеру арқылы доллар сатуға кірісеміз",-деді Сүлейменов.  

Бұл операциялар валюталық интервенцияға жатпайды. Операциялардың негізгі міндеті – экономикадағы артық ақшаны қысқарту және инфляцияның нысаналы деңгейін 5%-ке жеткізу. Осы шаралар iшкi нарықта валютаға ұсыныс қалыптастырып, iшкi валюта нарығында балансты сақтауға ықпал етеді.