Ұлттық банк басшысы теңге мен доллар бағамына қатысты пікір білдірді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысының алдында тілшілер Ұлттық банк басшысына: «Жыл соңына дейін 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 1 мың теңгеге жете ме?» - деген сұрақ қойды.

-Олай болуы мүмкін емес… Бізде сыртқы сауда теңгерімі, төлем балансы, ішкі инвестициялық мүмкіндіктер мен экономиканың дамуы тұрғысынан бәрі тұрақты, - деді Т. Сүлейменов.

Осы орайда бағам бойынша елеулі өзгерістер болмайтынын атап өтті.

Айта кетейік, 2 қыркүйекке арналған доллар, еуро және рубль бағамын жазған едік. 

Астанадағы айырбастау пункттерінде: