Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.
"Шешім қабылданғанда нақты деректер, жаңартылған болжамдарды талдау мен инфляция тәуекелдерінің балансын бағалау көрсеткіштері ескерілді", - делінген хабарламада.
Ббазалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2025 жылғы 11 шілдеде Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.