Ұлттық ұлан жауынгері әлем біріншілігінде топ жарды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш жарысқа әлемнің 18 мемлекетінен 500-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлім қызметкері Арман Жүнісов әлем біріншілігінде өз күшін сынап қайтты.

Ересектер арасындағы 63 салмақ дәрежесінде бақ сынасқан ұландық жауынгер сайыс қорытындысы бойынша 32 келілік гірді 88 рет көтеріп, жарыс қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды иеленді.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған спортшыларға арнайы мадақтамалар мен сыйлықтар табысталды.