Ұлттық ауылшаруашылығы санағын жүргізуге республикалық бюджеттен 2 млрд. теңге бөлінеді

Оның айтуынша, санақтың бірінші кезеңі 2006-жылдың тамыз-қыркүйек айларында жүзеге асырылады. Осы мерзімде елімізде өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және өңдеумен шұғылданатын барлық тауар өндірушілер санақтан өтеді. Санақтың екінші кезеңі 2007-жылдың қаңтар-ақпан айларында өткізіледі деп күтілуде. Онда мал шаруашылығына санақ жүргізіледі.