"9-қазаннан бастап біз ең төменгі резервтік талаптар бойынша өзгертілген ставканы енгізбекшіміз", -деді Ә.Сәйденов. "Нәтижесінде, біздің бағалауымызша, екінші деңгейлі банктерде қосымша 120 млрд теңгеге жуық қаржы пайда болмақ, оны банктер Ұлттық банкте ұстауға тиіс", - деді ол.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, "қазір қолданылып жүрген механизм мен қазіргі ставкалар сыртқы ортамен қарама-қайшылыққа түсті". "Сол себепті біз банктер тарапынан біздің талаптарымызды орындауды жеңілдету үшін есептеу базасын түзету және ставканы түзету жөнінде шешім қабылдадық", - деп түсіндірді ол.
"Банктердің өздерінің пайымдауынша, ең төменгі резервтік талаптарды жеңілдету оларға қосымша ресурстар беріп, сыртқы борыш-қарыздары бойынша есеп айырысуға мүмкіндік туғызады", - деді А. Сәйденов.