Ұлттық банк айналымға «Күлтегін» монеталарын шығарды

Бұл туралы Caravan.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап хабарлады.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы — 31,1 г, 30х45 мм тіктөртбұрыш, дайындау сапасы — «proof», ең көп таралымы — 5 мың дана. Монеталар оның реверсіндегі бейнені химиялық бояу (оксидтеу) технологиясы пайдалана отырып дайындалды.

500 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстанның барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Ескерткіш монеталарды «ҚР Ұлттық банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі — ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

«Proof» сапасымен жасалған ескерткіш монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Ұлттық банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Монеталарды ҚР Ұлттық банкінің барлық филиалдарында, сондай-ақ ҚР ҰБ-ның nationalbank.kz сайтындағы интернет-дүкен арқылы да сатып алуға болады.


Айта кетейік, Күлтегін — көптеген көшпелі халықтардың басын біріктірген түркі халқының даңқты әскери қолбасшысы. Оның құрметіне үлкен обалар кешені салынған, оның маңызды бөлігін бірқатар балбал тастар құрайды.