Ұлттық банк ақшаны заңдастыру қарқынының жеделдегенін тіркеді

"2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап  2016 жылғы 28 сәуір аралығы кезеңінде  жалпы сомасы 590 млрд теңгеге 910 банктік есепшот ашылды",-делінген қаржы реттеушінің таратқан хабарламасында.

Ұлттық банктен хабарлағандай, рақымшылық жасау туралы заңға түзетулер енгізген күннен 2015 жылғы 29 қарашадан бастап банктердегі есепшоттарға 506 млрд теңге салынды.


"Банк есепшоттары арқылы ақшаны заңдастыру қарқынының елеулі ұлғаюы заңдастыру рәсімдерін жеңілдетуге, атап айтқанда, бес жыл ақшаны сақтау, 10 пайыз алым төлеу талаптарын жоюға байланысты",-делінген хабарламада.
Атап өтсек, акцияға 30 банк және Ұлттық пошта операторы қатысуда. Енгізілген ақша сомасы мен ашылған есепшоттардың көш басында Алматы қаласы, Астана қаласы, Қарағанды, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстары тұр.